Алматыда ұрланған техникаларды анықтайтын сайт ашылды
Алматыда қолдан сатып алынған техникалардың ұрланғанын анықтайтын сайт ашылды. Urlangan.kz деп аталатын платформаға сериялық нөмірі бар телефон, ноутбук, планшет, электронды сағат сынды 100 мыңнан астам техника енгізілген. Яғни, құрылғының кодын теру арқылы сатып алуға ұсынылған заттың ұрланған мүлік тізімінде бар-жоғын тексеруге болады. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, мегаполисте соңғы үш жылда 10 мыңға жуық азаматтың мүлкі қолды болған.
Нұрсұлтан Жеделбай, Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі:
Бұл сайт барлығына ашық. Осында істейтін жұмыскерлерге біз оңай жасап қойдық. QR кодқа ұялы телефонды, техниканы алып келсе, біздің urlangan сайтымызға автоматты түрде жібереді. Бұл сайт ресми түрде жұмыс жасайды. Әрбі азамат интернет арқылы кіріп, көре алады.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08
Ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Арын жайлы монография жарық көрді
23.05.2026, 20:06
Балаларға арналған сауықтыру орталығы салынады
23.05.2026, 20:05
Ең үлкен зымыран сынақтан өтті
23.05.2026, 20:05
Қытайда шахтадағы жарылыстан 90 адам қаза тапты
23.05.2026, 20:05
Кәсіпкерлерге Салық кодексінің талаптары түсіндірілді
23.05.2026, 20:04
Соңғы қоңырау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
23.05.2026, 20:03
«Auyl Invest Fest. Қой шаруашылығы» ІІ Халықаралық фестивалі өтті
23.05.2026, 20:03