Жоғарғы соттың төрағасы сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы соттың төрағасы сайланды

08.12.2022

Бүгін Сенатта ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды. Оны жоғарғы палата депуттарына Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу таныстырды. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар аталған ұсынымға қолдау білдіріп, Жоғарғы соттың жаңа төрағасын бекітті.

Асламбек Мерғалиев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы ретінде ант берді. Ол 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлығымен өңірлердегі бірқатар сот төрағалары, сот алқасының төрағалары және судьялар тағайындалып, бірқатары лауазымдарынан босатылды.

Серік Селеубай



Хабарламаларға жазылу