Жоғарғы соттың ахуалдық орталығы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы соттың ахуалдық орталығы таныстырылды

28.09.2017

Жоғарғы Сот өкілдері ахуалдық орталыққа пресс-тур ұйымдастырып, еліміздегі сот жұмыстары cандық жүйеге көшкенін хабарлады. Электронды сот төрелігі  кез келген істі жүргізу процесін жеңілдетіп, оның ашық өтуіне ықпал етіп отыр. Бұл тұрғындардың еліміздегі сот жүйесіне деген сенімін арттырмақ.

Аудиобейнетіркеу жүйесі, бейнеконференцбайланыс өткізу, қашықтықтан сот отырысына қатысу мүмкіндіктері де таныстырылды. Биыл іске қосылған мобильді сот кабинетінің көмегімен, енді үйден-ақ сотқа арыз-шағым жіберуге болады.

Сонымен қатар, онлайн режимде сот ақпараттарын жинау, талдау, өңірлердегі сот отырыстарының қаншалықты әділ өткендігін бақылау да қолға алынған. 

Хабарламаларға жазылу