Ақтауда тұрғын үйлерге ыстық су шектеумен беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда тұрғын үйлерге ыстық су шектеумен беріліп жатыр

08.12.2022

Ақтауда тұрғын үйлерге ыстық су екі күннен бері шектеулі көлемде берілуде. Себебі, «МАЭК» коммуналдық кәсіпорнының дистилляциялық тұзсыздандыру қондырғысы дұрыс жұмыс істемейді.

Ақауды жөндеу үшін алдымен резервуарларды суға толтыру қажет дейді, мамандар. Сондықтан қазір орталық торабқа су жинап жатыр. Судың көлемі тиісті деңгейге жеткенде ғана қондырғыны жөнделмек.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу