Моңғолияда көмір ұрлығына қатысы барлар қатаң жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолияда көмір ұрлығына қатысы барлар қатаң жазаланады

06.12.2022

Моңғолияда көмір ұрлауға қатысы барлардың барлығы қатаң жазаланады. Бұл туралы парламенттің шұғыл отырысында айтылды. Бұған қоса, соңғы екі жылда жасалған көмір экспортына қатысты келісімдерді тексеру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Соңғы деректерге сай, ел астанасы Ұлан-Баторда желтоқсанның 4-де басталған шеру бейбіт түрде аяқталған. Сол себепті парламент төтенше жағдай жариялау қажет емес деп мәлімдеді. Жыл басынан бері бұл ел Қытайға миллиондаған тонна көмір экспорттаған. Алайда тауар жарты жолда қолды болып, ел қазынасы 13 млрд доллардан қағылған. Осыған ашынған халық үкімет сарайына басып кіріп, айыптыларды жазалауды талап етті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу