Украинаның барлық аумағына зымыранмен шабуылдар жасалды
Бүгін Украинаның барлық аумағына зымыранмен шабуылдар жасалды. Мұның алдында Ресейдің екі әскери аэродромында жарылыс болған.
Саратов облысындағы «Энгельс-2» авиабазасына дрон құлады. Оқиға кезінде екі әскери ұшақ зақымданып, екі адам жараланған. Айта кетсек, Ресей армиясы дәл осы жерден Украинаның энергетикалық нысандарына қанатты зымырандармен соққы беріп жүр. Ал, Рязань облысындағы аэродромда жанармай таситын машина өртеніп кетті. Көлік жарылғанда 3 адам қаза тапты. Украина бұл оқиғаларға қатысы бар- жоғын мәлімдеуге асығар емес. Негізі, Киевте 500-700 шақырым жердегі нысандарды қирататын құрал да жоқ. Дегенмен, қазан айында «УкрОборонПром» жыл соңына дейін мың шақырымға жететін дрон жасалатынын хабарлаған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17