Ақтауда уақытша ұстау изоляторы бейнебақылау камераларымен жабдықталып жатыр
Ақтауда уақытша ұстау изоляторы бейнебақылау камераларымен жабдықталып жатыр.
Нысанға бас-аяғы 566 камера орнатылады. Нәтижесінде жабық мекеменің тыныс-тіршілігі толық бақылауда болады. Бейнекамераларды прокуратура өкілдері өз жұмыс орнында отырып-ақ, тікелей көреді.
Бүгінде уақытша ұстау изоляторында 200 адам бар. Облыс прокурорының орынбасары оларды жеке қабылдап, қылмыстық істеріне қатысты сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ сотталғандарға прокуратура туралы конституциялық заңдағы өзгерістер мен жаңа талаптар түсіндірілді.
Смағұл Хасниязов, Облыстық прокуратураның басқарма басшысы :
Бұрын камералар болды. Президенттің тапсырмасынан кейін осы жылдың басынан бастап барлық соқыр аймақтарды, соқыр аумақ болдырмау мақсатында, мекеменің барлық жеріне камералар орнатылып жатыр. Болашақта осы сотталғандардың жүріп-тұруына үлкен көмегін тигізеді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17