Екібастұз қаласының орталық жылу желісі тұтастай іске қосылды
Екібастұз қаласының орталық жылу желісі тұтастай іске қосылды. Ендігі жұмыстар үйлердің кіреберісі мен жертөлесінде, пәтер ішінде жүріп жатыр. Бұл учаскелерге 500-ге тарта адам жұмылдырылған. Олар негізінен қатып қалған құбырларды қыздырып, жарылған батареяларды алмастырады.
Естеріңізге сала кетейік, кеншілер қаласындағы апатты жою бойынша құрылған штабты басқаруға үкімет басшысының бірінші орынбасары жіберілген болатын. Роман Скляр кеше соңғы үй жылуға қосылмайынша өзінің Екібастұзда қала беретінін айтты. Қазір қалада 14 жылыну пункті жұмыс істеп тұр.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:
Бізде 11 үй жылусыз күйде тұр. Бұл 11 үйдің пәтерлеріне жылу берілмеген деген сөз. Бірақ назар аударатын жағдай 11 көпқабатты үйдің жертөлелеріне жылу жеткізілді. Қазір циркуляция бар. Келесі біздің алдымызда тұрған міндет осы үйлердің стояктары мен пәтерлердегі әр иесіне жылуды жеткізу болып табылады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18