Басты Жаңалықтар «Үлкен жетілік» бағаны шектемек

«Үлкен жетілік» бағаны шектемек

«Үлкен жетілік» елдері Ресей мұнайының құнын шектеу туралы шешім қабылдауға жақын. «Рейтер» агенттігі құпия дереккөздерінен осындай ақпаратқа қол жеткізген. Оған сай, желтоқсанның 5-нен бастап, ресейлік мұнайдың бір баррелінің бағасы 60 доллар болып белгіленуі мүмкін. Батыс елдері мұнай бағасын шектеу арқылы Ресей бюджетіне түсетін кірістің азаюын көздейді. Сондағы мақсат - Мәскеуді Украинадағы қарулы қақтығысты қаржыландыру мүмкіндігінен айыру. 

Бөлісу