Елдегі министрлер газет-журналға жазылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі министрлер газет-журналға жазылды

01.12.2022

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баспасөзге жазылу науқанына орай Астанадағы «Қазпочта» бөлімшесіне барып, бірқатар балалар басылымына жазылды. Сонымен қатар министрлер газет пен журналға жазылу мен және олардың уақытылы жеткізілуінің маңызына тоқталды. Дархан Қуандықұлы басылымдардың тартымдылығын арттыру үшін оларды өзекті ақпаратпен, сапалы контентпен толтыру керегін атап өтті. Сонымен бірге министр мерзімді басылымдарға онлайн жазылу үшін министрлік тарапынан қолдау жұмыстары жасалып жатқанын жеткізді. Ал Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді газет-журналға жазылуға мәжбүрлеуге жол берілмейтінін, ол үшін жауапкершілік барын ескертті. Айтуынша, мектептер өз бетінше балаларға керек танымдық журналдарға жазыла алады.  

Серік Серікұлы

Хабарламаларға жазылу