Алматы облысында 60 мың тұрғын жылусыз қалды
Алматы облысында газ құбырында апат болып, 60 мыңға жуық тұрғын жылусыз қалды.
Қуан Нұрақын, тілші:
Кеше Талғар ауданына қарасты үш бірдей ауыл көгілдір отынсыз қалған. Нақтырақ айтсам, Бесағаш, Тұздыбастау, Гүлдала ауылдары газдан ажырап қалған. Тұрғындардың сөзінше, Панфилов ауылдық округінде тау жылжып, газ құбырын басып қалған.
Бектеміс Мұсаханов, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:
Сонымен түнді өткіздік. Қазір жақсы хабарлар келіп жатыр. Менің қолымдағы мәлімет бойынша, үш ауылдың әкімдері түнімен жүрді. Басы қасында болды. Қазір жақсы жаңалық келіп отыр. Түске дейін үш округті де қамтиды деген ойдамын.
Қуан Нұрақын, тілші:
Айта кетсем, аталған ауылдарға «Тәуекел - Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетеді. Қазір бізге белгілі болғандай түнімен жүрген жөндеу жұмыстары аяқталған. Қазір елді мекендерге көгілдір отын біртіндеп беріле бастаған
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05