Үкімет шаруаларға дер кезінде қол ұшын созды

08.04.2020

Үкімет шаруаларға дер кезінде қол ұшын созды. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы шаралары елдегі қалыптасқан төтенше жағдай кезінде еңсемізді көтерді»,- дейді жетісулық еңбеккерлер.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа шаралар жөніндегі мәлімдемесі ел экономикасына ауыр соққан қиын кезеңде көптеген кәсіпорындарға демеу болды. Солардың бірі — Панфилов ауданында жүгері өңдеумен айналысатын Жаркент крахмал-сірне зауыты. Бұл жер жылына 150 мың тоннадан аса жүгері өңдеп, одан 29 түрлі глюкоза крахмал, сірне сияқты өнім шығарады. 

Айта кетейік, Алматы облысының негізгі табысы – ауылшаруашылық саласы. Халықтың 70 пайызы да ауылда тұрады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу