Орталық Азия әлемдегі ең сезімтал аймаққа айналуы мүмкін
2050 жылға қарай климаттың өзгеруінен Орталық Азия әлемдегі ең сезімтал аймаққа айналуы мүмкін. Табиғи апаттардың алдын-алу үшін аймақ елдері күш біріктіруі тиіс. Брюссельде Орталық Азия, ЕуроОдақ пен БҰҰ-ның өкілдері бас қосып, табиғи апаттардың қаупін төмендету жайын пысықтады.
Шараны Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі БҰҰ апаттың қаупін азайту басқармасының қолдауымен ұйымдастырды. Соңғы 30 жылда Орталық Азияда 140-тан астам гидрологиялық, эпидемиологиялық және басқа да апаттар орын алды. 10 млн-дай адам зардап шеккен. Экономикаға 3,7 млрд доллар шығын келді.
Тери Хакала, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:
Біз қаржыландырып отырған Орталық Азиядағы жобаның жарияланғанына 4 жыл болды. Климаттың өзгеруі, табиғи апаттар, қауіп-қатерлер аймақта әлі сейілген жоқ. Апатпен күресу үшін ауызбіршілікті арттырып, техниканы жаңартуымыз керек.
Мами Мизутори, БҰҰ Бас хатшысының апаттың қаупін төмендету бойынша арнайы өкілі:
Орталық Азиядағы табиғи қауіп-қатерлермен күресте Алматыдағы төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығының атқарып отырған еңбегі зор. Осы қызметі үшін орталыққа, Қазақстанның көшбасшылығына алғысымыз шексіз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01