Брюссельде футбол жанкүйерлері полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде футбол жанкүйерлері полициямен қақтығысты

28.11.2022

Бельгия астанасы Брюссельде футбол жанкүйерлері полициямен қақтығысты. Тәртіпсіздіктер Қатардағы Әлем чемпионатында елдің ұлттық құрамасы қарсылас Марокко командасынан ұтылғаннан кейін басталған. Жанкүйерлер көліктерге өрт қойып, жанып жатқан заттарды полицияға лақтырды. Тәртіп сақшылары оларға қарсы көзді жасаурататын газ бен су атқыш машиналарды қолданған. Билік тұрғындарға қала орталығы мен бірнеше метро станциясынан аулақ жүруді ескертті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу