Алматыда атом энергиясының тиімділігі талқыланды
Бүкіл дамыған әлем атом энергиясына иек артып отыр. Бұл ретте үрейге бой алдыру орынсыз. Дегенмен, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын табанды түрде жүргізу қажет деген Президентіміз. Қазіргі кезде еліміздің энергия жүйесі көмір, газ және су электр станцияларына тәуелді. Сондай-ақ, 3 пайыздық жаңартылатын энергия көзі бар. Бірер жылда тапшылық байқалуы мүмкін. Осыған орай, Алматыда жастар арасында «Бейбіт атом – қуатты энергия» тақырыбында дебат турнирі өтті. Шараға қатысқан 50-ге жуық команда атом энергетикасын дамытудың тиімді жолдары мен Атом Электр Стансасының артықшылықтарына тоқталып, өз идеяларын ұсынды. Турнирге қатысып, үздік шыққан командаларға бағалы заттар мен ақшалай сыйлық ұсынылды. Қазақстандық атом электр станциялары мамандарының сөзінше, мұндай шараны ұйымдастырудағы мақсат - атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін қарастыру. Пікірталасқа болашақ энергетиктер, физиктермен қатар, түрлі салада білім алып жатқан жастар қатысты.
Нұржан Өмірхан, дебатқа қатысушы:
Қазіргі таңда экологиялық жағдай 2060 жылға келісіліп отырған Париж келісімі бойынша бейтараптық көмірқышқыл газы бойынша болып табылады. Яғни, біз экологияны қорғаймыз. Энергетикалық жағдайдың жақсарғанын қалаймыз. Сонымен қатар, әлімдік аренада энергетикалық тәуелсіз мемлекет ретінде, өзімізді Қазақстан ретінде көрсеткенін қалаймыз.
Асуан Сиябеков, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас менеджері:
Қазақстан қарастырып жатқан реакторлар бұлар 3+ буынды реакторлар қатарына жатады. Яғни ол Фукусима, Чернобыльдағы кейінгі апаттарды ескеріп жасалған құрылғы, реакторлар болып саналады. Яғни бұл жерде апат болу қаупі 10 млн жылда бір рет. Яғни, реактор 10 млн жыл жұмыс істемейді ғой. Реактордың жұмыс істеу уақыты – 60 жыл.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05