Сенат сайлауы: Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауы: Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну басталады

28.11.2022

Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну ертең 18:00-де басталады

Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну ертең 18:00-де басталады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады. Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы, соңғы 10 жылда елде тұрған, жасы 30-дан асқан асқан болуы керек. Сондай-ақ, жоғары білімі мен 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болып, оны ұсынған аймақта кемінде 3 жыл тұруы тиіс. Сенат сайлауына еліміздің 20 өңірінен бір-бір депутат ұсынылады. Сенат депуттарының сайлауы екі әдіс бойынша өтеді. Біріншіден, саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихат өкіл арқылы кандидатураларды ұсынады. Екіншіден, үміткерлер өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатыса алады. Сенат сайлауы 2023 жылдың 14-ші қаңтарында өтеді.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 19 күнге созылады. Ол кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап, сайлауға бір күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 24:00-де аяқталады. Яғни, үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсан күні сағат 18:00-ден келер жылғы 13 қаңтар күні 24:00 сағатқа дейін өтеді.

Сенат депутаттығына үміткерлерге қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;

30 жастан асқан;

Жоғары білімі бар;

жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған", - деді ОСК мүшесі Константин Петров комиссия отырысында.

Сенат депуттарының сайлауы екі әдіс бойынша өтеді.

1. Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер өз мәслихаттардың өкілдері арқылы Сенат депутаттығына кандидатураларды ұсынады.

2. Үміткерлер өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатыса алады. Үміткер кемінде сайлаушылардың 10 пайызын жинау керек.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу