АҚШ-та мұсылмандарға шабуыл жасамақ болған топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та мұсылмандарға шабуыл жасамақ болған топ ұсталды

23.01.2019

АҚШ-та мұсылмандарға шабуыл жасамақ болған үш ер адам мен бір жасөспірім тұтқындалды. Бұл азаматтар Нью-Йорктегі Ислам қауымдастығына қастандық жоспарлаған.

Күдіктілер қолдан жасалған бомба мен отты қару иеленді деп айыпталып отыр. Ұсталғандардың жастары 16 мен 20-ның арасында. Полицияның мәлімдеуінше, олар бүгін сот алдында жауап бере бастайды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу