Талдықорғанда футзалдан белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда футзалдан белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы турнир өтті

26.11.2022

Талдықорғанда футзалдан белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы турнир өтіп жатыр.

Жарысқа сегіз команда қатысып жатыр. Олар негізінен республикалық және өңірлік ақпарат құралдары өкілдерінен құралған. Турнирді өткізудегі мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастырып, қазақ журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан әріптестің есімін ұлықтау.

Жарысты тамашалауға Алматыдан, Өскемен мен Тараздан газет, телеарна саласында тер төгіп жүрген азаматтар келді. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар үшін ақын Жұматай Жақыпбаев пен журналист Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы екі бірдей арнайы сыйлық тағайындалған.

Айдар Башпаев, Бейсен Құранбектің досы:

Журналистердің басын қосатын, ерекше бір достастыратын турнир деп айтуға болады. Бұл командаларға баптарымен бақтары шауып, жеңіс тұғырынан көрінуіне шынайы тілектеспіз. 


Автор: Қ. Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу