Мердігердің жауапсыздығынан Шымкентте диқандар жапа шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мердігердің жауапсыздығынан Шымкентте диқандар жапа шегіп отыр

25.11.2022

Мердігердің жауапсыздығынан Шымкентте диқандар да жапа шегіп отыр. Ағын су жүретін каналды жөндеуді былтыр бастаған жауапты мекеме сылбыр қимылдап, жұмысты әлі бітіре алатын емес. Соның салдарынан биыл 160-қа жуық шаруаның егіні қурап қалды. Шаруалар енді құрылыс жұмысының келесі көктемге дейін бітетініне де күмәндана бастады.

43 жыл бойына табанынан су үзілмеген каналдың қазіргі жағдайы мынадай. Бетон науаларды шетінен қиратып, бұзып тастағанымен бүтінделген жері шамалы. Каналдың жөнделуі тиіс 14 шақырымының жартысы енді жаңартылған.

Сұлтанмұраттың егіні биыл су болмай күйіп кетті. Көктемдегі жаңбырдың ылғалымен дақыл тамыр байлағанымен әрі қарай өспеді. 25 жылдан бері диқандықты кәсіп етіп келе жатқан шаруа енді не істерін білмей дағдарып отыр.

Сұлтанмұрат Толаметов, шаруа:

Өткен жылы 5 гектар жүгері ектім. 25 тонна өнім алып полядан жылап шықтым. Әрбір берген суыма 30 мың теңгеден беріп тұрдым. 2 жылдан бері банкроттамын, зияндамын. Оны кімнен талап етемін, білмеймін.

Ағын судың жоқтығынан Сұлтанмұрат секілді 160-қа тарта шаруа шығынға шаш еткен батты. «Көк» каналының арқасында осы төңіректегі 1 мың 400 гектар жерге егін егілетін. Енді көбі бос жатыр.

Рустам Әбдірахманов, шаруа:

Көріп тұрсыздар бос жерлер, ол жерлерге помидор, қияр еккенбіз. Міне 2 жылдан бері тікен басып, бос жатыр. Көпшілік диқаншылықты тастап, қалада жұмыс іздеп жүр.

Құрылысшылар каналды жөндеуге былтыр кірісті. Оған қазынадан 314 миллион теңге бөлінді. Жұмыс биыл мамыр айында аяқталуы тиіс еді. Алайда егістікті суару науқаны басталып кеткендіктен мердігердің ала жаздайғы уақыты диқандармен айтысуымен өтті. Енді күз келгенде құрылыс жүргізуге күн райы қолайсыз деп шарасыз кейіп танытып отыр.

Рақым Мүслім, мердігер компанияның басшысы:

Қазір бастайық десек ауа-райына байланысты бастай алмай отырмыз. Бүгіннен бастап кірісіп айтылған уақытқа дейін бітіруге тырысамыз. Айтылған уақыт, қай уақыт? Сәуір айы, келісі жылдың.

Құрылысты аяқтауды кешіктіргені үшін мердігерге бірнеше рет айыппұл да салынды. Соңғы рет тағы 21 миллион айыппұл арқалады. Осы жазалардың өзі әзірге құрылысшылардың қимылын ширата алатын емес. Әлі 300 жуық бетон науалар

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу