Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

24.11.2022

Президент сайлауында жеңіске жеткеніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр. Германия Президенті Франк-Вальтер ШтайнМайер Тоқаевқа алдағы маңызды міндеттерін атқаруда табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік, еркіндік және бақ-береке тіледі.

Италия Президенті Серджио Маттарелла өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа толағай табыс тілеп, Қазақстан мен Италияны екіжақты тығыз қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Ал Сербия президенті Александр Вучич Мемлекет басшысына көрсетілген үлкен сенім елдің даму және өркендеу бағытын жалғастыруға тың серпін беретінін атап өткен.

Чехия Президенті Милош Земан сайлау Тоқаевтың президент ретіндегі берік бағдарын растады және азаматтардың оған сенімі жоғары екенін көрсетті деп атап өтті.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу