Еуропарламент сайтына хакерлік шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламент сайтына хакерлік шабуыл жасалды

24.11.2022

Украинаның көп бөлігі электр қуатынсыз қалды. Қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ресей сәрсенбіде елдің энергетикалық нысандарына жойқын соққы берген. Әсіресе Киевте жағдай күрделі. Қалаға 30 зымыран жіберілді. Барлық Атом электр стансасы, сонымен бірге жылу және су электр станцияларының көбі тоқтан ажыратылған. Ел аумағында шабуылдан 10 адам қаза тауып, 30-дан астамы жараланды.

Ресейдің әрекетінен көршілес Молдованың 90 пайызы да жарықсыз қалған. Мемлекет Украинадан келетін электр қуатына тәуелді.

Бұған дейін Еуропарламент Ресейді Украинаның азаматтық инфрақұрылымына соққы бергені үшін терроризмді қолдайтын мемлекет деп танитын қарар қабылдады. Бұл қадам тек символикалық мәнге ие. Себебі Еуроодақта мұны жүзеге асыратын құқықтық негіз жоқ. Мұндай қарар қабылданғаннан кейін Еуропарламент сайты кибершабуылға ұшыраған.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу