Павлодарда өрт шыққан үйден 5 адам құтқарылды
Павлодарлық өрт сөндірушілер үш бірдей баланы жанып жатқан пәтердің ішінен алып шықты. Ал денесін күйік шалған 36 жастағы ер адам мен 1995 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді. Олардың халі ауыр дейді құтқарушылар. Тілсіз жау өткен түні қаладағы төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан. Салдарынан екі бөлмелі пәтер түгі қалмай жанып кетті. Үйдегі адамдарды құтқаруға барын салған мамандар есіктен кіру мүмкін болмағандықтан, қауіп-қатерге бас тігіп оларды терезеден шығарып алды.
Берік Сәулебаев, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі:
Өрт сөндірушілер жеткенше осы үйде тұратын 10 адам пәтерлерін тастап далаға шыққан. Ал жанып жатқан пәтер ішіндегі адамдардың әрекет жасауға дәрмені жетпеген. Қатты шошынған. Жалынды тұмшалауға 8 арнайы көлік, 34 адам жұмылдырылды. 1 сағаттың ішінде сөндірдік.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17