Шетелдік басылымдар: Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік басылымдар: Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет

22.11.2022

Әзірбайжан Қазақстанды тәжірибелі саясаткер, кәсіби дипломат басқаратын Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет, сенімді серіктес деп санайды.

20-қарашада өткен Президент сайлауының нәтижесіне қатысты әзербайжандық басылымдар осындай ақпарат таратып жатыр. Müsavat газеті Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы екіжақты байланыс тату көршілік, өзара тиімді ынтымақ арқылы дамып жатқанын жазған. Сонымен бірге басылым 24-тамызда Қазақстан Президенті Әзірбайжанға ресми сапармен барғанын атап өткен. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Қиын-қыстау кезеңде Қазақстан Президенті БҰҰ жүйесіне енгізілген халықаралық құқықтың іргелі қағидатына адал болып қалады, - делінген мақалада.

20 қарашада Қазақстанда Президент сайлауы өтті. Оған 641 шетелдік байқаушы қатысты. 47 шетелдік журналист ақпарат таратты.

Әзірбайжан Қазақстанды тәжірибелі саясаткер, кәсіби дипломат басқаратын Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет, сенімді серіктес деп санайды. Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы екіжақты байланыс тату көршілік, өзара тиімді ынтымақтастық арқылы дамып жатыр.

24 тамызда Қазақстан Президенті Әзірбайжанға ресми сапармен келді. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Бастысы қиын-қыстау кезеңде Қазақстан Президенті БҰҰ жүйесіне енгізілген халықаралық құқықтың іргелі қағидатына адал болып қалады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу