«Қазпошта» арқылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының акциясын сатып алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпошта» арқылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының акциясын сатып алуға болады

21.11.2022

IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын енді ауыл тұрғындарына да сатып алуға болады. Ол үшін Қазпошта бөлімшелерінде өтінім қалдыру керек. Өтінім беру жеке инвесторлар үшін 2-ші желтоқсанға дейін, институционалдық инвесторлар яғни, заңды тұлғалар үшін 30-шы қарашаға дейін жалғасады.

IPO-ға қатысуға Қазақстан бойынша 1000-нан аса Қазпошта бөлімшелерінде және Tabys қосымшасы арқылы өтінім бере аласыз. Бөлімшелер тізімін «post.kz» сайтындағы «Инвестициялар» бөлімінде табуға болады.

Бағдат Шолақов, «Қазпошта» АҚ Қаржы және агенттік бизнес департаментінің бас менеджері:

Эмитент өтініштерді қанағаттандыру туралы оңтайлы шешім қабылдаған жағдайда акциялар сіздің шотыңызға, болжам бойынша, 2022 жылдың 7 желтоқсанында аударылады.

«ҚазМұнайГаз» IPO-сына қатысу үшін Қазпошта брокерлік қызметтерін және тікелей жазылу қызметтерін ұсынады. Қазпоштада брокерлік шотты офлайн және post.kz веб-сайт арқылы онлайн ашуға болады және «Tabys» қосымшасының көмегімен жүзеге асырылады.

Бағдат Шолақов, «Қазпошта» АҚ Қаржы және агенттік бизнес департаментінің бас менеджері:

Қазпошта бөлімшелері арқылы IPO-ға қатысу туралы ақпаратты 1499 нөмірі бойынша call-орталықтан немесе post.kz сайтындағы QPost ассистентінің көмегімен білуге болады.

Сонымен қатар, науқанға Қазпошта арқылы тікелей жазылым тәсілімен қатысу үшін Сіз автоматтандырылған бөлімшелердің біріне барып, операторға жүгінесіз. Тікелей жазылым 9-қарашадан бастап 2-желтоқсанға дейін қолжетімді болады.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу