Қатар-2022: Финалдық ойынға арнап стадион салынған
Ерсін Ерік, тілші:
Қатарда күндіз көшеде жанкүйерлерді кездестіру қиын. Себебі мұндағы ауа температурасы түскі уақытта +30 градусқа дейін жетеді. Тек қас қарайғанда Қатар көшелерінде футбол мерекесі жанданып, алыс-жақын шет елден келген қонақтар қаладағы керемет стадиондар мен әсем ғимараттарды тамашалауға шығады.
Ренан кампос, Эквадор құрамасының жанкүйері:
Қатар керемет қала. Бұл жерде маған барлығы ұнайды. Лусаил, Эль Байт стдиондары әдемі салынған. Алдағы уақытта басқа да жерлерге барамын.
Джош Сэндс, АҚШ құрамасының жанкүйері:
Ауа райы өте тамаша. Түскі уақытта біраз ыстық болды. Қазір кешкі салқынмен отбасымызбен қыдырып жүрміз. Осында болғанымызға қуаныштымын. Барлығы Қатарға келіп жатыр, әлем чемпионатына келу біз үшін бақыт.
Қатар еліне келушілер саны күн сайын артуда. 4 жылда бір келетін аладоп аламанын сағынған жанкүйерлер топтық кезеңнен бастап әр ойынның көркін қыздырып, өз командаларын жеңіске жетелейтіні анық.
Ерсін Ерік
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27