Алғашқы ойында алаң иелері жеңіліп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғашқы ойында алаң иелері жеңіліп қалды

21.11.2022

Футболдан Әлем біріншілігінің алғашқы ойыны аяқталды. Алаң иелері Қатар құрамасы Эквадордан жеңіліп қалды. Оңтүстік Америкалық ұжым 0:2 есебімен басым түсіп, Фенербахченің шабуылшысы Эннер Валенсия дубль авторы атанды. Ойынның 16 шы минутында 11 метрлік айып добын теуіп есеп ашып, 31-ші минутта таразыны еселеді. Ал бүгін 18:50-де Англия мен Иранның ойынын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан, ал 21:50-де Сенегал мен Нидерланд құрамаларының кездесуін «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу