Сағат айырмашылығына байланысты Батыс өңірлерде дауыс беру аяқталды
Сағат айырмашылығына байланысты Батыс өңірлерде дауыс беру жаңа ғана аяқталды. Ахуалды тілшілеріміз баяндайды.
Жандос Темірғали, тілші:
Біз қазір нөмірі 40-шы сайлау учаскесінде тұрмыз. Сағат 8-де есігі тарс жабылды. Өңірдегі 261 сайлау учаскелерінде де тура осындай жағдай. Бұл жерде қызу жұмыс басталды. Комиссия мүшелері бюлетендерді санап жатыр. Тіпті олардың бізге қарауға мұршасы жоқ. Сонда да учаске төрағасын сұқбатқа тартайық.
Жандос Темірғали тілші:
Өңірде дауыс беру құқығына ие 410 мыңдай адам тіркелген. Өткен сағаттағы соңғы ақпарат бойынша тұрғындардың 70 пайыздан астамы саяси науқанда өз таңдауын жасап үлгерді. Ахуал, Маңғыстауда қалай екен. Оны әріптесім Аягөзден білейік.
Дауыс беру аяқталды
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Иә, Жандос жаңа сағат 20:00-де сайлау учаскесінің есігі жабылды. Комиссия мүшелері жәшіктерді ашып, бюллетеньдерді санап жатыр. Сайлаудың барысы қалай болғанын учаске төрайымы Орынгүл Таңбаевадан бірге білейік, Орынгүл, дауыс беру қалай өтті, сайлаушылардың белсенділігі қалай?
Орынгүл Таңбаева, №70 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:
Біздің учаскеде 1200-ден астам дауыс беруші бар. Соның осыншасы түске дейін келіп, дауыс берді. Түс мезгілінде адам көп болды. Жалпы осы жолы тұрғындар өте белсенді. Әрі көңілді. Қандай да бір келеңсіздік, немесе заңбұзушылық тіркелген жоқ.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сағат 19:00-ге дейін өңір тұрғындары дауыс берді. Аудан-қалалар бойынша мәлімет қосамын. Қазір барлық сайлау учаскесінде жұмыс қауырт. Ең жауапты сәт. Нәтижесі орталық сайлау комиссиясына біріледі.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: «Жасыл елдің» 80-нен астам сарбазы ескерткіш аумағын абаттандырды
07.07.2026, 12:52
Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қатысуға дайын ба? - Сауалнама
07.07.2026, 11:46
Америкадағы аладоп аламанының атмосферасы
06.07.2026, 20:21
Этна жанартауы оянды
06.07.2026, 20:18
Үндістанда нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді
06.07.2026, 20:18
Шебер 30 жылда үш мыңнан астам домбыра жасаған
06.07.2026, 20:17
Жер сілкінісінен кейін республикалық автожолдар шұғыл тексерілді
06.07.2026, 20:16
АЭС құрылысында 10 мың адам жұмыспен қамтылады
06.07.2026, 20:16