Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде дауыс берді

20.11.2022

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сайлау науқанында олардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасап, өз құқығын пайдалануға толық мүмкіндік қарастырылған.

Сырым Нұғыманов, №146 сайлау учаскесінің төрағасы:
Сайлауға қатысу туралы өтініш түскен мекен-жайларды аралап, өз таңдауын жасауға қолдау көрсету жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Бір ғана №146 сайлау учаскесіне ерекше жағдайларды қажет ететін 2470 сайлаушы тіркелген. Денсаулығына байланысты сайлау аумағына бара алмаған Марат Нұрымбетов бүгінгі сайлаудың әділ өтетініне сенім білдірді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу