Шымкент қаласында «Exit poll» жұмысы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында «Exit poll» жұмысы жалғасуда

20.11.2022

«Ашық қоғам» институты «exit poll» әдісімен бүгінгі сайлауда Шымкент қаласындағы дауыс берушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр. Арнайы дайындалған мамандар таңғы сағат 7-ден бастап, кешкі 8-ге дейін аймақтағы дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде тұрып, жұртшылықтың пікірін жинақтауда. Олар мегаполистегі 16 сайлау учаскесінде қызмет атқаруда.

Анна Перевеева, «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты» қоғамдық қорының супервайзері:
Сайлаушылардың көңіл-күйі өте жақсы. Әсіресе сағат 12 мен 2-нің арасында учаскелерге адам өте көп келді. Біз олардың әрбірінің пікірін білуге тырыстық. Өйткені бұл өте маңызды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу