Маңғыстау өңірінде сайлаушылардың 65 пайызы дауыс беріп үлгерді
Маңғыстау өңірінде сайлаушылардың 65 пайызы дауыс беріп үлгерді. Облыстағы тілшіміз Аягөз Оралбайқызы соңғы ақпараттармен тікелей эфирде бөлісуге әзір.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Бұл жолы тұрғындар өте белсенді. Әрі олардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Ақтау қаласында 83 сайлау учаскесі бар. Олардың кейбірінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Өнерпаздар ән айтып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Учаскелердің бірінде, бүгін ғана некелескен жас жұбайлар дауыс берді. Қазір менің жанымда Ақтаулық көп балалы ана Гаухар Ешмұханова тұр. Гаухардың жасы небәрі 37-де. Бірақ ол 10 баланың анасы. Тұңғышы-20, ал кенжесі - 9 айлық. Гаухар сайлауға ұл-қыздарыңызды ерте келген екенсіз, мұндағы мақсатыңыз қандай?
Гаухар Ешмұханова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Сайлауға барамын дегеннен балалар, «біз де барамыз» деп қоймады. Сосын кішкентай болса да, елде болып жатқан үлкен шарадан хабары болсын деп ертіп келдім. Осы балалардың болашағы үшін мен алаңдамаймын. Себебі, елде оң өзгерістер болып жатыр. Тұрақты дамып келеміз. Жырқын болашақ үшін, мен бүгін өз таңдауымды жасадым.
Дауыс беру әлі де жалғасуда. Облыс бойынша 243 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау барысында қандай да бір заңға қайшы жағдайлар тіркелген жоқ.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
24.05.2026, 19:54
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08