Мәскеуде 2000 адам дауыс береді деп күтілуде
Индира Бегайдар, тілші:
Мәскеудегі № 265 сайлау учаскесінде тұрмын. Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар жергілікті уақыт бойынша таңғы 07.00 ден бастап белсенділік танытуда. Тіпті қолында сәбилері бар көп балалы аналарды да кездестірдік.
Зухра Ахатаева, көп балалы ана:
«Бүгін еліміз үшін маңызды және жауапты күн. Отанымыздан шалғайда жүргенімізге қарамастан біз отандық борышымызды өтеуге келіп тұрмыз. Балалар көру керек, көріп өсу керек. Таңдауымызды біз жасағанымызды бала-шағамыз көрсе, болашағымыз үшін жақсы деп ойлаймын.»
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барынша жағдай жасалған. Оларға арнайы қызмет көмек көрсетеді. Күн өте суық, сондықтан елшіліктің жанынан арнайы орын ашылып, онда ыстық бауырсақ пен шай беріліп жатыр. Конституциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасауға келгендердің қарасы қалың. Халықаралық байқаушылар саяси науқанның әділ өтуін қадағалап отыр. Жалпы Мәскеуде 2000 адам дауыс береді деп күтілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Франция жартылай финалға өтті
10.07.2026, 17:35
Ақмола облысында «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқылды
10.07.2026, 17:33
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтуде
10.07.2026, 17:30
Түркістан облысында астық орағы қыза түсті
10.07.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
10.07.2026, 17:26
Шымкентте 4 мың азамат алимент төлемей жүр
10.07.2026, 17:24
Ресейде жоғары оқу орындарына түсу қиындады
10.07.2026, 17:22
Жапонияда тайфунға байланысты төтенше жағдай жарияланды
10.07.2026, 17:21