Маңғыстау өңірінде 104 мыңға жуық тұрғын өз таңдауын жасады
Маңғыстау өңірінде 411 мыңнан астам сайлаушы болса, осы сағатқа дейін оның 25 пайызы дауыс беріп үлгерді.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, расында сайлаушылардың белсенділігі арта түскен. Тіпті кейбір сайлау учаскелерінде кезек күткендер бар. Әзірге Бейнеу мен Мұнайлы ауданының тұрғындары алда келеді. Өз таңдауын жасағандардың қатарында жастар, көпбалалы ата-аналар, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер бар. Өңірге танымал тұлғаларды да кезіктіруге болады.
Есенбай Құлиев, Ақтау қаласының тұрғыны:
Бүгінгі сайлаудың маңызы мен мәні өте зор. Біз қазір дамудың жаңа жолына түстік. Өркендеу жолында оң нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Сондықтан болашағымыз жарқын боларына сенемін. Елін сүйген мен сияқты әр бір азамат осындай сенімде болуы керек. Бүгінгі сайлауға қатысып, елдің дамуына үлес қосуы керек.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Облыста саяси науқанның барысы жіті бақылауда. Осы сайлау учаскесінің өзінде 5 байқаушы отыр. Жалпы аймаққа шет елдерден 13 байқаушы келген. Облыста 243 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 15-і жаңадан ашылған. Ақтау қаласының өзінде 6 учаске жаңадан ашылды. Себебі, шаһарда соңғы жылдарда 10 нан астам жаңа шағын аудан бой көтерді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19