Түркістан облысы тұрғындары табиғи газға қол жеткізді
Түркістан облысы, Кентау қаласында 18 мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылып, өркениеттің игілігін көріп отыр. Шағын шаһарды газдандыру үш кезеңмен жүріп жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған көпқабатты үйлерге де, газ берілді. Осылайша өткен қыста пәтерлерінде бүрсең қағып шыққан тұрғындардың биыл табиғи газға қолы жетті. Бұл баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге берілген болатын. Алайда жылу мен газ болмағандықтан, баспананың берекесі қашқан еді. Ал биыл жылы пәтерлерде газ жағатын болдық деп қуанып отыр.
Болатбек Әбілбеков, Кентау қаласының тұрғыны:
Газ келді, жылуды қосып берді. Керемет, үй жып-жылы. Енді бұрынғыдай әбіржімейміз. Тамағымызды тез істей саламыз. Бұрынғыдай газ баллон тасымаймыз.
Автор: Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01