Петропавлда қазақ театрының жаңа ғимараты ашылды
Петропавлда қазақ театрының жаңа ғимараты ашылды.
Эльмира Кәленова, тілші
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанның әр қаласында 8 театр ашылыпты. Бүгін тұсауы кесілген нысан 9-шы мәдениет ордасы болып отыр. Бүгін театрға жиналған жұртшылықтың көңіл-күйі көретіңкі. Барлығы бір-бірін құттықтап жатыр. Шынымен жаңа театр өте әдемі. Дизайні неоклассика стилінде жасалған. Зал 500 орынға арналған. Облыс орталығында бұдан басқа 3 театр ғимараты бар. Олардың барлығы өткен ғасырда салынғандықтан, бүгінгі заман талабына сай келмейді. Енді теріскейдегі үлкен жиындардың барлығы осы жерде өтеді. Жаңа нысанды салуға бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метр. Құрылыс 2018 жылы басталған болатын. Жұмыс бір жыл бойы тоқтап тұрып, қайта жанданды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Бүркітші» көркем фильмі көрерменге жол тартты
10.09.2026, 10:12
«Тарифті инвестицияға айырбастаудың» жаңа бағдарламасы іске қосылды
10.09.2026, 10:06
Ақтөбеде қоғамдық орындарды ластағандар жауапқа тартылды
10.09.2026, 10:02
APPLE бүктелетін жаңа смартфондар ұсынды
10.09.2026, 10:01
Филиппин аралдарында паром өртеніп, 87 адам жоғалып кетті
10.09.2026, 10:00
Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты шағым көбейді
10.09.2026, 10:00
Құрылтайдың жаңа жұмыс тәрітібі айқындалады
10.09.2026, 09:59
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 09:57