Оралдан Алматыға шыққан ұшақ Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды
Оралдан Алматыға бағыт алған ұшақ Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды. Өйткені жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған.
Ұшақ ішіндегілер таңғы төрттен бастап екі сағат ешқайда шықпай, күтіп отыруға мәжбүр болған. Одан кейін әуе кемесінің сапарын жалғастыра алмайтыны белгілі болып, адамдар әуежай ішіне кіргізілді. Fly Arystan компаниясының өкілдері ұшақтың түнгі бірде ғана ұша алатынын хабарлаған. Жолаушылар қонақ үймен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан олардың кейбірі Ақтөбедегі туыстарына кетсе, қалғаны амалсыз әуежай ішінде күтуге мәжбүр.
Сәндігүл Мағазова, жолаушы:
Үш сағат бойы өзімізбен өзіміз жүрдік. Біз түсінбедік, не болып жатқанын. Қашан ұшатынымызды. Айтты, қазір жоқ ұшақ, алтыда ұшасыңдар деді. Екі рет ауыстырды. Біздің планымыздың бәрі бүлініп болды.
Дастан Малиев, «Ә.Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:
Жедел-жәрдем келіп, тез арада жолаушыны түсіріп, емханаға алып кетті. Біздің міндетіміз ұшаққа, жолаушыға қызмет ету. Біз өз тарапымыздан бәрін істедік. Аэровокзалдың іші жылы және ана мен балабөлмесін ашып бердік, жүк сақтайтын жерді тегін беріп жатырмыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08
Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
21.03.2026, 20:07
Елшілер мен халықаралық ұйым өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21.03.2026, 20:05
Түркістанда 5 күнге созылған көкпардан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті
21.03.2026, 20:05