Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды
Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды. Ауа-райының нашарлауына байланысты мегаполистің тәртіп сақшылары жолда қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
Фариза Мұсақызы, тілші:
Полиция департаменті мәліметі бойынша, кеше таңғы сағат 08:00-ден бүгінге дейін қалада 136 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 26-сында зардап шеккендер бары анықталды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Жалпы, ауа-райының нашарлап, қар жаууына және ауа температурасының төмендеуіне байланысты, жүргізушілерге көліктерінің дөңгелектерін қысқы мезгілге арналған дөңгелектерге ауыстыруларын ескертеді. Ал Алматыда қар түнімен жауды. Коммуналдық қызметкерлер түнде 105 текше метр қар шығарған. Бұл туралы Коммуналды инфрақұрылым басқармасы хабарлады. Қазір көктайғаққа қарсы 3 мың тоннаға жуық құм себіліп, арнайы шаралар жасалуда. Жалпы, 10 сантиметрлік қар жауды. Кейбір жерлерде оның қалыңдығы 16 сантиметрге дейін жеткен. Таулы аймақтарда екі есе көп. Түнде қар тазалауға 400-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Ал Қазгидромет алдағы күндері Алматыда ауа температурасының түнде минус 8-10 градусқа дейін төмендейтінін хабарлап отыр. Бүгін де қар жауып, тұман болып, ауаның ылғалдылығы артатынын айтады. Ал көшелер мен тротуарлар мұзға айналып, тұрғындарға сақ болуды ескертіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06