Астанада «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» кітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» кітабы таныстырылды

16.11.2022

Астанада әлемдік бестселлер «WHY NATIONS FAIL?» кітабының қазақша аудармасының таныстырылымы өтті. Кітаптың қазақша нұсқасы «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» деп аталады.

Дарон Аджемоглы мен Джеймс Робинсонның еңбегін «Мазмұндама» қоғамдық қоры аударған. 490 беттік еңбекте «Әлемдік теңсіздіктің себебі неде, неге әлемнің байлығы жер бетіндегі елдерге біркелкі бөлінбейді?»-деген экономистер мен философтарды ғасырлар бойы алаңдатқан сұрақтарға жауап беріледі.

Кездесу барысында оқырмандар халықаралық бестселлер авторымен тілдесіп, қолтаңба алды.

Бану Дәулетбаева, «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» кітабының редакторы:

Бұл кітаптың бір ерекшелігі барлық кітаптар экономистерге нағыз мамандарға арнап жазылса, бұл кітаптың бестселлер болған себебі де сол ол кәдімгі қарапайым адамға түсінікті етіп, сондай деңгейде жазылған.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу