Биыл елде 102 әлеуметтік жоба іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елде 102 әлеуметтік жоба іске қосылды

15.11.2022

Қоғамда белсенділігі жоғары адамдар шағын гранттардың қаражатына әлеуметтік жобаларды іске асыра алады. Бұл туралы бүгін азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері мәлімдеді. Жалпы биыл елімізде жастар-отбасы саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сынды бағыттар бойынша 102 жоба іске қосылды.

Олардың 20-сы ғана қамқорлық пен сабақтастық аясында ел азаматтарына жанашырлық пен қамқорлық көрсетуге бағытталған жобалар. Шағын гранттарды ұтып алғандардың ішінде көбінесе жастар. Олар қазіргі уақытта еліміздің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұрып жатқан қариялармен кездесіп, түрлі үйірмелер өткізуде.

Жаннұр Алмасқызы, ерікті:

Осыған дейін көктем айында осы жақта шеберлік сағат өткізген едім. Содан кейін осы жаққа келдім қайтадан. Осы өзімнің хоббиіммен басқа адамдармен бөліскім келді. Көптеген кісілердің эмоциясын, қуанышын бақылау қызық.

Жанболат Бейсенбаев, қала тұрғыны:

Бізге осындай жиі кеп тұрса, қыш өнерін үйретсе жақсы болар еді. Оған ыңғайлы екен саусағыма. Қатып қалған емес.

Сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға да гранттық жобалар аясында көмек көрсету қарастырылған. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жеткіншектерге еріктілер тәлімгерлік ете алады.

Фарида Сағындық, «Qoldau» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі» ҚБ төрайымы:

Бұған әр саналы ересек адам келуі керек. Оны ешкім мәжбұүрлей алмайды. Қандай да бір заңнама болсын, жауапкершілік те арта алмаймыз. Ол әр адамның өзінің ішкі ниеті болуы керек. Сен ересек адам ретінде қалай өз-өзіңді ұстауың керек, сихологиялық тұрғыдан болсын, әлеуметтендіру тұрғыдан болсын сондай бізде модульдеріміз бар. Сол модульден өткеннен кейін барып, сертификат алғаннан кейін барып, біз оны осы жобаға қосамыз. 

 Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу