Елордалық былғары қолғап шеберлері елге оралды
Бүгін Иорданияда бокстан өткен Азия чемпионатында топ жарған елордалық былғары қолғап шеберлері елге оралды.
Спортшыларды әуежайдан жанкүйерлері, туған-туыстары мен достары қошеметпен қарсы алды. Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өткен 32-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 медальды еншілеп, жалпы есепте 1-орын алды. Соның ішінде дүбірлі додада астаналық спортшылар екі алтын, екі қоланы еншіледі. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы сапындағы жерлестеріміз Санжар Ташкенбай мен Айбек Оралбай алтыннан алқа тағып, чемпион атанса, Нұрбек Оралбай қола медаль алды.
Айбек Оралбай, бокстан Азия чемпионы:
Бізді қолдап, жанкүйер болып жатқан барша қазақ еліне алығысымыз шексіз. Бұл жеңісімізбен тоқталып қалмаймыз. Бұл жеңіс біздің бастамамыз. Алда Әлем чемпионаты, Азия ойындары белгіленді. Алдағы уақытта сол жарыстарға тыңғылықты еңбек етіп, дайындаламыз.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02