Түркістан облысында 467 елдімекен газбен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 467 елдімекен газбен қамтылды

14.11.2022

Түркістан облысында 467 елдімекен газбен қамтылды. Бүгінгі күні тағы 69 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Мәселен Шардара ауданында бұрын соңды көгілдір отын болмаған. Қазір он ауылдық округтің сегізі орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды. Ауданның 70 пайызға тарта тұрғыны қазір газ тұтынып отыр.

Жадыра Қонарова, Өтеғұл ауылының тұрғыны:

Бір тоннасын 30 мың теңгеден алатын едік бұған дейін. Онда қолданғанда бір қысқа 7-8 тонна көмір қолданып, жағатын едік. Қазіргі уақытта газ қолданып жатырмыз. Айына 7-8 мыңнан төлейміз.

Сала мамандары аудандағы қалған екі ауылдық округі бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Бұл жұмыстарды атқаруға «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаражат бөлінген. Келер жылы Шардара қаласы толықтай көгілдір отынмен қамтылмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңгеден астам ақша қаралып отыр.

Ербол Шағырбаев, Шардара аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Шардара қаласында алты мөлтекаудан бар. Бүгінгі таңға сол алты мөлтекаудан бойынша да толық барлық республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Алты нысанның барлығы 2023 жылға өтпелі.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу