Кино индустриясын қолдаудың жаңа жүйесі керек – Питер Роллберг - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кино индустриясын қолдаудың жаңа жүйесі керек – Питер Роллберг

12.11.2022

Қазақ кино индустриясы қалыптасып қана қоймай, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп келеді. Қазақстанның бір ғасырлық кино тарихын зерттеген американдық ғалым Питер Роллберг осындай баға берді. 

Оның ішінде интернет кино өндірісі пост кеңестік елдер үшін феноменге айналды. Тек қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шетелдің көрермендерін де еріксіз баурап жатыр. Десе де, ғалым отандық кино саласын әлі де жаңа сапа деңгейіне көтеру үшін жүйелі қолдау қажет. Мәселен, арнайы кино түсіру алаңдарын жасап беру керек деп отыр. Себебі, елді танытуда кино өндірісі төтенше маңызға ие. Тіпті, ғалымның айтуынша, АҚШ тың өзі бұл саланы қолдауды әлі күнге дейін жалғастырып келеді.

Питер Роллберг, кинотану және халықаралық қатынастар профессоры:

Саяси, тарихи маңызды оқиғалар жайлы фильмдер түсірілсе, АҚШ үкіметі қаржы бөлмесе де, логистикасына көмектеседі. Мәселен, Қорғаныс министрлігі әдетте көпшілік үшін жабық алаңдарды беріп жатады. Мұның өзі үлкен қолдау. Сондықтан қазір ,менің ойымша, қазақ қино саласын қолдаудың дұрыс жүйесін табу өте маңызды. Әрине, Қазақфильм арқылы және әр түрлі режиссерларға арнайы ұйым арқылы қомақты гранттар бөлу секілді түрлі әрекеттер болды. 

Қазақ кино өндірісінің жүз жылға жуық тарихын зерттеген ғалым алғашқы кітабын жариялап үлгерген. 1925-1991 жылдарды қамтитын туындыда қазақ киносының жүздеген классикалық туындысы жайлы деректер қамтылған. Ал Тәуелсіздік жылдарындағы тенденция сараланатын екінші томды кинотанушы бірер жылда аяқтап жарыққа шығармақ.

Хабарламаларға жазылу