Шымкентте Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды

11.11.2022

Шымкент қаласында Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды. Мұндай байланыс енді екі елдің арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайтуымен бірге сауда-экономикалық қатынастарды арттыра түспек.

Құрметті консулдықтың мақсаты – екі ел туризмінің дамуына ықпал ету. Сондай-ақ сауда саттықты көбейтіп, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Мевлют Чавушоглу, Түркия республикасының сыртқы істер министрі:

Екі ел арасында ерекше достық, бауырластық қарым-қатынас қалыптасқан. Біздің Шымкент шаhарына келуіміздің негізгі себебі – сол байланысты одан әрі нығайту. Жақын арада біз Түркістан қаласында да консулдығымызды ашуды жоспарлап отырмыз.

Түркия Республикасының сыртқы істер министрі сапар аясында түрік жұртына танымал ақыны, Ясауидің рухани шәкірті Юнус Эмренің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Екі жақты кездесу барысында Шымкент қаласының әкімі Қазақстан мен Түркия Президенттерінің жыл сайынғы кездесуі достық пен мемлекетаралық қатынастырды әрі қарай нығайтуға негіз болатынын айтты.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

Қазақ-түрік достығының дәлелі ретінде Шымкент қаласының Измирь, Адана, Ески шехир қалаларымен достық байланыстар орнатуын атап өтуге болады.

Түркия Сыртқы істер министрі Шымкентке сапары аясында қала әкімінің қатысуымен жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу