Алматыда 90 нысан жылусыз қалды
Алматыда жылу құбыры жарылып, 90-нан аса нысан жылусыз қалды. Атап айтсақ, 67 көп қабатты тұрғын үй, 6 мектеп және 20 нысан жылудан уақытша ажыратылды. Оқиға бүгін кешкі сағат бестер шамасында болған. Қысымға шыдамаған диаметрі 400 милиметрлік құбырдан ақау шығып, ыстық су биіктігі 20 метрге дейін атқылаған. Қазір құбырды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Мамандар бұл аумақта осыған дейін 20 шақты апат болғанын айтады.
Данияр Қазымбетов, «Алматы жылу желілері» компаниясының бас инженері:
Құбыр 1986 жылғы. Ескі құбыр. Қазір қалпына келтіру жоспарына қосылған. Ескі болғаннан кейін жарылыс болған. Қазір ремонтын бастадық біз. Болжам бойынша 4-5 сағатта жібереміз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17