Мемлекет басшысы Самарқандта тал егу шарасына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Самарқандта тал егу шарасына қатысты

11.11.2022

Мемлекет басшысы саммит аяқталған соң Самарқанд қаласындағы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы елдердің басшыларымен бірге алаңда тал екті. «Түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын» деген тілекпен Өзбекстанның 14 өңірінде, еліміздің Түркістан қаласында және Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттерінің астанасында көшеттер бір мезетте отырғызылды.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу