Ішкі істер министрі еліміздегі криминогендік жағдай туралы есеп берді
Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай туралы есеп берді. Марат Ахметжановтың сөзінше, биылғы 10 айда ауыр қылмыстар саны азайған. Жыл басынан бері 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар адам саудасы, қару-жарақ, есірткі сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан.
Полицейлер биыл 12 тоннаға жуық есірткі тәркіледі. Министрлік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 3 жылға арналған кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Аса ауыр қылмыстардың төмендеуін айту керек. Оның ішінде қасақана адамды өлтіру, тонау, зорлау, мал ұрлығы және т.б халықтың мазасын алып отырған қылмыстар. Және осы жолдауда берілген тапсырма интернет-алаяқтық, есірткімен қарсы күреске және отбасылық тұрмыстық зомбылық жағдайында жасалып отырған іс-шаралар туралы баяндадым.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02