Солтүстік Қазақстанда заңсыз шаян аулағандар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда заңсыз шаян аулағандар қолға түсті

28.09.2022

Солтүстік Қазақстан облысында «Аrtemia salina» шаяндарын заңсыз аулағандар ұсталды. «Астық» алдын алу шарасы аясында жұмыс істеп жатқан мобильді топ - Жамбыл ауданының Сенжарка ауылы маңындағы тұзды көлге жақын жерде екі көлікті тоқтатқан. Олардан бағалы шаяндар салынған 50 қап табылды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды. Табиғатқа келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр. Айта кетейік «Artemia salina» шаяндары фармацевтика және косметология саласында кеңінен пайдаланылады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу