Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр
Бельгияда бүгін жалпыұлттық ереуіл. Елдегі бірқатар өндіріс ошағы жұмысын тоқтатып, қоғамдық мекемелер жабылды. Мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері жұмысты қойып, наразылық акциясын ұйымдастырып жатыр.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Ереуілге барлық сала өкілдері жұмылдырылған. Қызметкерлер жұмысқа шықпағандықтан, бүгін бірқатар пошта, полиция бөлімшелері, әкімдіктер, министрліктер, киім-кешек, азық-түлік сататын дүкендер жабық. Мектептерде мұғалімдердің жоқтығынан сабақ дұрыс болмай жатыр. Ауруханаларда жедел-жәрдем қызметі ғана жұмыс істеп тұр. Шұғыл операциядан басқасының барлығы кейінге шегерілген. Медбике, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, барлық сала өкілдері жұмысты қойып, наразылық акциясына қатысып жатыр.
Шаки Морген, дәрігер:
Ауруханаларда маман тапшы. Мардымсыз жалақыға жастар істегісі келмейді. Сондықтан үкімет жалақыны көбейтсін. Бір жылда азық-түлік 200 пайызға қымбаттады. Сұмдық қой.
Данайе Эмишоу, кәсіподақ ұйымының белсендісі:
Біздің үш талабымыз бар. Бірінші газ бен электроэнергияның бағасына үкімет шектеу қойсын. Байларға кіріс салығын көбейтсін. Тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік тариф енгізсін.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Жолаушы тасымалдаумен айналысатын компания өкілдері де қызмет көрсетуден бас тартқандықтан, бүгін ел бойынша қоғамдық көлік қатынасы қиындады. Брюссель әуежайынан 200 рейс ұшпай қалды. Ал Шарлеруа қаласынан ұшатын барлық әуерейстері кейінге шегеріліп, әуежай жабылды. Салдарынан 20 мың жолаушы жолынан қалды.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прагматизм мен тепе-теңдік: бүгінде Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық әріптестігі қалай дамуда?
26.05.2026, 09:42
Цифрландыру және ЖИ экономикаға тың серпін береді
25.05.2026, 20:24
Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты
25.05.2026, 20:22
Шалғай ауылдарға ауызсу құбыры тартылып жатыр
25.05.2026, 20:20
Ақтөбе облысындағы ең ауқымды экологиялық жоба сәтті жүзеге асты
25.05.2026, 20:19
AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн
25.05.2026, 20:15
«Munaily Marathon-2026» марафоны өтті
25.05.2026, 20:13
Липосакцияның қаупі қандай?
25.05.2026, 20:13