Елімізде респираторлық синцитиалды вирусты 100-ге жуық адам жұқтырған. Әлемде өршіп тұрған вирустың бұл түрі әсіресе балалар арасында кең тарап жатыр. Белгілері пневмонияға ұқсайды. Дене қызуы, жөтел, ентікпе болуы мүмкін.
Ауру кезеңі тіпті 3-4 аптаға созылады. Мамандар барынша сақтанып, профилактикалық шараларды күшейткен жөн деп отыр. Қазаннан бері елімізде 1 млн 27 мың адам жедел респираторлық вирустық аурумен науқастанды. 865 адамға тұмау жұққан. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері бүгінге дейін 2 млн 140 мыңға жуық адамға екпе салынғанын айтты. Тегін вакцина халықтың тек осал тобына салынады. Ал қалған санаты ақылы түрде екпе салдыруға құқылы.
Эпидемиялық кезең басталғалы елімізде тұмауға ұқсас вирустың бірнеше түрі анықталған.
Марал Рақымжанова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
Cынама 15 пайыз оң нәтиже болды. Оның ішінде РС вирус деп атаймыз. Соның ішінде РС сынама 97-сі болды. 90-ы балалардың арасында. 124 сынама Реновирус болып шықты. Парагрип - 35 сынама. 2200 сынама басқа гриптерден тұмауға ұқсас нәтижесі болды.
Раушан Сайлауқызы