Бельгиядағы Қазақстан елшілігі қабылдау ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиядағы Қазақстан елшілігі қабылдау ұйымдастырды

08.11.2022

Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы қарсаңында Бельгиядағы Қазақстан елшілігі қабылдау ұйымдастырды. Шараға Еуропалық комиссия өкілдері, Еуропарламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың басшылары мен дипломаттар қатысты.

Елші Марғұлан Баймұхан Қазақстандағы саяси-әлеуметтік реформалар туралы баяндады. Жалпы, жаңаша бағыттағы реформалар ЕуроОдақ өкілдері тарапынан қолдауға ие. Жаһандану заманында елдің мәдениеті мен әдебиетін, тарихын түгендеп, ұрпақ санасына сіңіруде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанынан шетелдіктер де хабардар болды.

Андрис Америкс, Еуропалық парламенттің депутаты:

Еуропалық Одақтың 27 мемлекеті, оның ішінде менің елім Латвия да Қазақстанмен ынтымақты арттыруға мүдделі. Оң реформаларды жүзеге асыру- халықтың әл-ауқатын көтерері сөзсіз. Ал сайлау - Қазақстанды демократияландырудың кезекті қадамы.

Фульвио Мартушелло, Еуропарламенттің Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының жетекшісі:

Қазақ үкіметі жасап жатқан барлық реформалар біздің екіжақты қатынасымызды нығайтуға өте маңызды. Қазақстан - Орталық Азияның көшбасшысы. Соңғы өзгерістер Қазақстанның оң бағытты таңдағанының дәлелі.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу