Павлодардың іргесіндегі Былқылдақ көлі аумағын сынаптан залалсыздандыру қайта қолға алынды. Бұл мақсатқа бюджеттен 751 млн теңге бөлінген. Қазір ұзындығы 2,4 шақырым, 12 метр тереңдікте қорған салынып жатыр. Яғни, топырақтағы сынаптың сырғымауы үшін арнайы жабынды төселеді. Құрылыс келесі жылы аяқталады.
Мирас Жұмәділов, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:
Қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстар бұл 2004 жылы басталған жұмыстардың қосымша кепілі ретінде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңға дейін тағы қосымша 41 ұңғыма қазылған болатын. Және сол ұңғымаларды зерттеу нәтижелеріне сәйкес бүгінгі таңда сынаппен ластану қаупі жоқ.
Еске салайық, 2002 жылы бұрынғы Химия зауыты аумағында арнайы резервуардан сынап төгіліп, топыраққа жайылған еді. Тіпті улы метал жер асты жолдарымен Ертіс өзеніне құйылуы мүмкін деген қауіп туындады. Артынша арнайы жұмыстар жүргізіліп, үш жарым шақырымдық жер асты қорғаны салынды. Аса қауіпті 6 учаске белгіленді. Бірақ, содан бергі 20 жыл ішінде атмофералық ауа, топырақ немесе судың сынаппен улануы жайлы дерек тіркелген емес. Бұған дейін Жапония ғана сынапқа қарсы нәтижелі күрес жүргізген.
Зулфухар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет басшысы:
Ресей шекарасына дейін Павлодардан 7 пост бар. Қазгиромедтікі. Біреуінен бізде сынап табылған жоқ. Соңғы рет есімде болса 2009-да бір рет табылған болатын. Одан кейін біз әрдайым мониторинг жасаймыз, гидромедтің күшімен, сынап табылған ондай қауіпті жағдай жоқ. Бірақ соған қарамастан жұмыстар жасалынып жатыр.
Болат Аманбаев